Accessibility links

Пәкістанда шұғыл кеңес өтеді


Бүгін Пәкістанда, бір жарым мыңға жуық адамның өмірін қиған табиғи апатқа қатысты шұғыл кеңес өтеді.

Елдің премьер-министрі Юсуф Раза Гелани басқаратын кеңес отырысында, құтқару жұмыстарын жақсарту мен табиғи апаттан келген шығын көлемі есептелетін болады.

Табиғи апат үш миллионға жуық пәкістандықтың өмірін өзгертті. Оншақты мың үй су астында қалды, жүзден аса көпір құлап, миллиондаған гектар егістік жойылды.

Алдымен тасқын елдің солтүстік-батысын басты, қазір өзен арнасынан тасып ағылып жатқан су оңтүстік провинцияларды әбігерге салуда.
Бұл - Пәкістанда соңғы 80 жылда болып отырған ең ірі су тасқыны.
XS
SM
MD
LG