Accessibility links

2001 жылы қираған сауда орталығының жанына мешіт салынады


Нью-Йоркте 2001 жылы 11 қыркүйекте террористік акт нәтижесінде қираған Дүниежүзілік сауда орталығының маңында мұсылман мәдени орталығы мен мешіт салынуы мүмкін, деп хабарлайды Ассошиэйтед Пресс агенттігі.

Осы мақсатта сол маңдағы 152 жыл бұрын салынған ескі нысандардың бірін сүріп тастауға рұқсат беріліп отыр.

Жобаға наразылық білдірушілер де табылуда. Олардың пікірінше, мешіттің салынуы 11 қыркүйектегі жарылыстың үш мыңнан аса құрбанын қорлау болып табылады.

Құны 100 миллион тұратын 13 қабатты мәдени орталық жобасының ауторлары, бұл құрылыс Нью-Йорктегі түрлі дін өкілдерін біріктіруге септігін тигізетіндігіне сенімді.
XS
SM
MD
LG