Accessibility links

KazakhGold бұрынғы акционері «Полюс Золото» компаниясын айыптады


KazakhGold алтын өндіруші компаниясының бұрынғы акционері ресейлік «Полюс Золото» компаниясын «Қазақстан заңдарын орындамауға тырысты» деп айыптады.

«Казахстанская правда» газетінде сәрсенбі күні жарияланған сұхбатында арадағы саудаға қатысқан Бауыржан Асаубаев «Полюс Золото» Қазақстанды өз капиталын Ресейден шығару үшін пайдаланды деп мәлімдеді. Бұған қоса, Асаубаев ресейлік компанияны «бұрынғы акционерлердің атына кір келтіргісі келеді» деп айыптады.

Бұған дейін Қазақстанның қаржы полициясы жарғылық акцияны алаяқтықпен алған деген күдікпен, KazakhGold-тың негізгі акционері «Полюс Золото» компаниясына қарсы қылмыстық іс қозғады, оның өндірістік бөлімшесі -«Қазақалтын» концернінің банк есептері құлыпталды.

«Полюс Золото» маусым айының соңында Лондондағы Жоғарғы сотқа Kazakhgold компаниясының бұрынғы басшыларына қарсы азаматтық шағым түсірді. Компания оларды мекеме қаржысын ұрлады деп айыптап, жауапкерден 450 миллион доллар талап етіп отыр. Сот процесі - кезінде KazakhGold компаниясы басшылығы құрамында болған Асаубаевтар отбасының бес мүшесіне қатысты.
XS
SM
MD
LG