Accessibility links

Қырғыз оппозициясы Бішкекте құрылтай шақырды


Қырғызстанда оппозициялық «Мекен Туу» партиясы тамыздың 5-і күні Бішкектегі ескі алаңда құрылтай өткізуді жоспарлап отыр. Партия төрағасы Урмат Барыктабасовтың Азат Еуропа/Азаттық радиосы қырғыз қызметіне хабарлауынша, құрылтай өткізу туралы өтініш Бішкек әкімшілігіне тапсырылды, бірақ оның жауабы әлі шыққан жоқ.

Бішкек полициясы Барыктабасовқа қарсы қылмыстық іс қозғалғандығын, бейсенбі күні алаңға шыққан жағдайда ол ұсталатындығын ескертті.
XS
SM
MD
LG