Accessibility links

Ресейдегі өрттен Мәскеудің ауасы қатты ластанды


Ресейдің денсаулық сақтау саласы мамандары елдегі алапат өрттің қою түтіні Мәскеудің ауасын алты еседен аса мөлшерде ластандырды деп хабарлады. Ауа-райын болжаушылар елде аптап ыстық пен ауаның қызуы алдағы бірер күн тағы жалғасады деп айтып отыр.

Мәскеуді қалың тұман басып, жойқын өрттің күлі қаланы тұтып қалды. Мамандар мәскеуліктерді көміртегі тотығынан қорғайтын бетперде киіп жүруге шақырды.

Мәскеудің әуежайларына бірнеше ұшақ қона алмай, басқа қалаларға жіберілді. Ресей төтенше жағдайлар министрлігі негізінен Ресейдің батысында 600 өрт ошағы тіркеліп, 176 мың гектар орман алқаптары жалынға оранғанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG