Accessibility links

Ауғанстанда 30 жыл тұрған АҚШ дәрігерінің мәйіті анықталды


Ауғанстан мен шетелдік ресмилер талибан шабуылынан қаза тауып, Бадахшанда табылған 10 адамның мәйітін анықтап жатыр. Олардың сегізі шетелдік, екеуі ауған азаматтары екені мәлім болды. Құрбан болғандар қатарында Ауғанстанда 30 жыл мекендеп, жұмыс жасаған АҚШ дәрігері, окулист Том Литл болғаны анықталды.

Атып өлтірілген шетелдіктер ішінде бесеуі - Америка, біреуі - Германия, тағы бірі -Британия азаматы. Олардың мәйіттері бейсенбі күні Бадахшан провинциясынан табылды. Солармен бірге болған екі ауғандық шабуылдан құтылып, аман шыққан.

Талибан өкілі Забиулла Муджахед батыстық баспасөзге хабарлағанында, қаза болғандар мұсылмандарды христиан дініне өткізуге тырысқан “Американың тыңшысы” ретінде өлтірілді деген.
XS
SM
MD
LG