Accessibility links

Қырғызстан ІІМ: Қазақстандықтарға Ыстыққөлге жол ашық


Бүгін Алматыға арнайы келген Қырғызстанның ішкі істер министрі, генерал-лейтенант Кубатбек Байболов Ыстықкөлге барып демаламын деген қазақстандық туристердің қауіпсіздігі үшін барша жағдай жасалғанын мәлімдеді.

Оның сөзінше, арнайы бұйрыққа сәйкес енді Ыстықкөлге бет алған қазақстандық автокөліктер себепсіз тоқтатылмайды.

«Қазақстандық туристерді қабылдау үшін бұрын-соңды болмаған шаралар қолға алынып отыр. Тек Ыстықкөлдің өзінде қауіпсіздікке жауап беретін 400 жасақ қызмет етеді», - деді Кубатбек Байболов.

Елде болып жатқан оқиғалар тек қырғызстандықтарға ғана қатысты екендігін атап өткен министр: «Бұл - шетелдік туристерге еш қатысты жоқ саяси күрес, сондықтан сіздерге еш қауіп төніп тұрған жоқ», - деді.
XS
SM
MD
LG