Accessibility links

Ресейдегі өрт 170 мың гектардан астам жерге жайылды


Ресейде табиғи өрт аумағы 170 мың гектардан асып отыр, деп хабарлайды елдің төтенше жағдайлар министрлігі.

Елде 68 ірі өрт ошағы тіркеліп, оларды сөндіруде 400 шетелдік маман көмектесуде. Өткен тәулікте тілсіз жаудың 250 жаңа ошағы пайда болған, қазір барлығы дерлік сөндірілді.

Ақпаратқа қарағанда, Ресейдің федералды ядролық орталығы орналасқан Челябинск облысындағы Снежинск қаласына жақын келген өрт уақытында сөндірілген. Ендігі бір ядролық орталық орналасқан Нижегород облысы Саров қаласының маңында өрт сөндіру барысында бір жауынгер қаза болды.

Ресейде осы жазда барлығы 500-ден аса өрт тіркеліп, 50-ден аса адам қаза болды.

XS
SM
MD
LG