Accessibility links

Колумбия мен Венесуэлла дипломатиялық байланысын жандандырды


Колумбия мен Венесуэлла өзара дипломатиялық қарым-қатынасын жандандыру туралы келісімге келді.

Бұл туралы Санта-Марта қаласында Венесуэлла президентімен кездесу өткізген Колумбияның жаңа президенті Хуан Мануэль Сантос мәлімдеді.

Екі ел арасындағы дипломатиялық байланыс осыдан бір жыл бұрын үзілген. Оған, Богота мен Америка елдері ұйымының, Венесуэлла билігі өз территориясына бүлікшілер мен колумбиялық көтерілісшілер топтарын қабылдайды деген айыптаулары негіз болды.
XS
SM
MD
LG