Accessibility links

Исламабад су тасқынының екінші толқыны болатынын ескертті


Бүгін Пәкістанның ауа-райын болжаушылары Пенджаб провинциясындағы су тасқынынан зардап шеккен аймақта тағы да су тасқыны болу қаупін ескертті. Олардың айтуынша, Пәкістан тарихындағы ең жаман су тасқыны әлі аяқталған жоқ.

Алдағы 10 күннің ішінде тасқын су оңтүстік аймақты тағы шайып шықпақшы. Ресмилер Чинаб өзенінің суы енді 4,5 миллион тұрғыны бар Мултан қаласына қауіп төндіріп тұр. Сондай-ақ Үндістанның Инд өзенінде де су арнасынан асып көтеріліп барады.

Пәкістандағы су тасқыны апатынан 14 миллион халық жапа шегіп, 1600 адам қаза тапты.

БҰҰ әлем елдерінен Пәкістандағы табиғат апатынан қатты зардап шеккен 6 миллион адамға 460 миллион доллар көмек сұрап отыр.
XS
SM
MD
LG