Accessibility links

Ақ үй: АҚШ Ирақтағы әскерін осы айдың соңында шығара бастайды


Америка президенті Барак Обама "АҚШ Ирақтағы әскерін осы айдың соңынан бастап шығара бастайды. Белгіленген мерзімге сәйкес 2011 жылдың соңында Америка әскері Ирақтан толығымен әкетіледі" деп мәлімдеді.

Сәрсенбі күні Обама мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон, Қорғаныс министрі Роберт Гейтс, Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джеймс Джонуспен кездесіп, видеоконференция арқылы Ирақтағы АҚШ қолбасшысы Рэй Одиерномен сөйлесті.

Ақ үй өкілі Роберт Гиббстың айтуынша, Обама кездесуден кейін Ирақта жаңа үкімет жасақтау жайындағы мәліметтермен де таныстырылған.

Сәрсенбі күні Ирақ Армиясының қолбасшысы генерал Бабакер Зебари Ирақ әскеріне әлі де он жылдай АҚШ-тың қолдауы керек болады деп айтты. Зебари ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Ирақ Армиясы толығымен 2020 жылы ғана дайын бола алады деді.
XS
SM
MD
LG