Accessibility links

Алматыдағы метро салушыларға жалақылары төлене бастады


Жұма күні Алматыда мердігер компания метро жұмысшыларына берешек жалақыларын төлей бастады.

Бұл туралы Азаттық радиосына еңбекақыларын төлеуді талап етіп, бейсенбі күні аштық акциясын бастаған жұмысшылардың бірі Бақытжан Рысымбетов хабарлады. Оның айтуынша, «Юранус Си Эн Ай» компаниясының «Алмалы» стансасындағы құрылысшылары аштықтарын тоқтатып, жұмыстарына қайта кірісуге сөз берген.

Рысымбетовтің сөзіне қарағанда, аштық жариялаушыларға «Алматыметроқұрылыс» компаниясының басшысы Мұрат Өкшебаевтың өзі келген.
XS
SM
MD
LG