Accessibility links

Ресей мен Беларусь президенті керісіп қалды


Ресей мен Беларусь президенті бұрынғы Совет одағындағы елдердің келешегіне қатысты мәселе көтерілгенде, сөзге келіп қалды.

Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей президенті Дмитрий Медведевті Грузияның жікшіл аймақтарына қатысты өзінің айтқандарын бұрмалады деп айыптады. Бұған Кремль ашулы үн қатып, Лукашенконы айтқанынан танып отыр деп айыптап, оның ресми кездесуде айтқан сөздерінің көшірмесін қоғамға жариялаймын деп қорқытты.

Даудың басы Грузияның мәскеушіл аймақтары Оңтүстік Осетия мен Абхазияның тәуелсіздігін мойындауға Лукашенко уәде берді дегеннен шықты. Медведевтің айтуынша, Лукашенко ол уәдесін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының аймақтық кездесуінде айтып, кейін ол сөзінен танып шыққан.
XS
SM
MD
LG