Accessibility links

Ресейдің астық экспортына салған тыйымы күшіне енді


Ресейдің жыл соңына дейін астық экспортына салған тыйымы тамыздың 15-нен күшіне енді. Ресей елдегі егін алқаптарын күйдіріп жіберген құрғақшылық пен алапат өрттен кейін жергілікті бағаны ұстап тұру үшін осындай шектеу енгізген.

Ресей бидай, арпа сияқты астық шығаратын әлемдегі ірі өндірушілердің бірі. Ресей президенті Дмитрий Медведев өткен аптада елдегі аптап ыстық пен құрғақшылықтан егіннің үштен бірі құрып кетті деді.
XS
SM
MD
LG