Accessibility links

Жәнібек Қандыбаев - жасөспірімдер арасындағы алғашқы Олимпиада чемпионы


Сингапурда Жасөспірімдердің І жазғы олимпиада ойындарында қазақстандық Жәнібек Қандыбаев чемпион атанды.

Астанадағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаттың тәрбиеленушісі, Жамбыл облысынан шыққан грек-рим стиліндегі балуан, 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзінің төрт қарсыласын жеңіп, Олимпиада тарихында Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы алғашқы алтын медаль иегері ретінде қалатын болады.

Тарихта тұңғыш рет өткізіліп отырған бұл бәсекеге әлемнің әртүрлі елдерінен келген 3594 спортшы қатысуда. Олар - негізінен 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер. Бұл әлемдік додада қатысушылар спорттың 30 түрінен бақ сынасып, жалпы саны 201 медаль сарапқа түседі. Тамыздың 14-інде басталған жарыс 26-сына дейін жалғасады. Бұл жарысқа Қазақстаннан 48 спортшы қатысуда.
XS
SM
MD
LG