Accessibility links

АҚШ демократтары мешіт жобасына қарсы шықты


Сенаттағы демократтар өкілі Гарри Райд 2001 жылы 11 қыркүйекте лаңкестік шабуыл ошағы болған жерге ислам мәдени орталығы мен мешіт салу жобасын мақұлдаған АҚШ президенті Барак Обаманың ісіне жария түрде наразылық білдірді. Сенатордың айтуынша, АҚШ Конституциясы наным бостандығын қолдайды дегенмен, мешітті басқа жерге салу керек.

Мешіт пен ислам мәдени орталығын салу жоспарына қарсы шығушылар "жоба ислам лаңкестері шабуылы кезінде көз жұмған адамдардың жақындарының құқын бұзады" дейді.

Барак Обама 13 тамыз күні "мешіт құрылысы, керісінше, апат құрбандарын еске алады, америкалықтардың діни наным бостандығын бағалайтынына дәлел болады" деген еді.
XS
SM
MD
LG