Accessibility links

Бүгін Ирактан ең соңғы америкалық әскери бригада шығып кетті


Бүгін Иракты АҚШ-тың қарулы күштерінің соңғы әскери бригадасы тастап шықты. Бригада командирі Кристофер Офардтің сөзінше, жауынгерлер мінген бронемашина Кувейт шекарасынан өткен.

Тамыз айының аяғына дейін АҚШ Ирактағы әскери міндетін толығымен аяқтауды көздеп отыр. Келесі жылдың аяғына дейін елде 56 мың америкалық жауынгер оқу-жаттығу шараларын өткізу үшін қалады.

Сәрсенбі күні Ирактағы АҚШ-тың жаңа елшісі Джеймс Джеффри қызметіне кірісті.
XS
SM
MD
LG