Accessibility links

Қырғыз кәсіпкерлеріне өтемақы беріліп жатыр


Бішкекте сәуір айында билікке қарсы ұйымдастырылған тәртіпсіздік барысында зардап шеккен кәсіпкерлер өтемақы алып жатыр деп хабарлайды Азат Еуропа/Азаттық радиосының Қырғыз қызметі.

Сәрсенбі күні Қырғызстанның экономика министрлігінің баспасөз қызметі "РСК" мемлекеттік банкінің түрлі тонаушылар мен бұзақылардан зардап шеккен кәсіпкерлерге қаржы бере бастағанын хабарлады.

Төрт ай бойы арнайы комиссия өтемақыға мұқтаж адамдардың тізімін жасаған. Ол тізім бойынша Қырғызстандағы жеке кәсіпкерлердің шығыны 13 миллион долларды құрап отыр.
XS
SM
MD
LG