Accessibility links

Қытайда су тасқынынан 50 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді


Қытайдың солтүстік-шығысындағы су тасқындарынан осы аймақтағы қаланың 50 мың тұрғыны басқа жерге көшірілген.

Синьхуа агенттігінің жазуынша, Қытайдың Солтүстік Кореямен шекарасындағы өзен арнасынан шығып кетіп, Дандунь қаласының үйлері мен жолдары су астында қалған.

Жұма күні таңертең басталған жауын аймақтағы электр желісі мен байланысын үзіп тастады. Қытайдың ауа-райын болжаушылары сенбі күні елдің орталық, солтүстік-шығыс және оңтүстік батыс аймағында қалың жауын алдағы 24 сағат бойы жауатынын айтты.
XS
SM
MD
LG