Accessibility links

Шешенстанда жалаңбас әйелдер нысанаға алынуда


Ресейдің Шешенстан аймағында көптеген әйел Рамазан айы кезінде орамалсыз жүргені үшін шабуылға тап болған.

Тұрғындар мен оқиғаға куә болғандардың айтуынша, мұсылманша киінген сақалды ер адамдар көшеде жалаңбас жүрген қыз-келіншектерге тиісіп, орамал салуға мәжбүрлеген.

38 жастағы Марха Атабаева "Рейтерс" агенттігіне берген сұқбатында өзінің Грозныйда шабуылға тап болған ондаған әйелдің бірі екенін айтқан. Әйелдерге ондай талап қойып жүргендердің біреуі ақпарат агенттігінің тілшісіне жүздеген әйелге ескерту жасалды деді.

Шешенстанның мәскеушіл жетекшісі Рамзан Қадыровтың өкілі бұл туралы пікір айтудан бас тартты.
XS
SM
MD
LG