Accessibility links

Қытай премьері саяси реформалар жасауға шақырды


Премьер-министр Вен Жиабао Қытай өзінің экономикалық жағдайын сақтағысы келсе, саяси реформалар жасауы керек деді.

Синьхуа агенттігінің жазуынша, үкімет басшысы саяси қайта құру болмаса, Қытай өзінің экономикалық қайта құрылымдау арқылы жеткен жетістігін жоғалтып алуы мүмкін деген.

Ол сонымен бірге адамдардың үкіметтің нәтижесіз жақтарын сынауға болатындай жағдай қалыптастырғысы келетінін білдірді. Вен Жиабао нақты жайттарға тоқталмады, бірақ халықтың демкоратиялық құқына кепілдік болуы тиіс деді. Қытай премьері бұл мәлімдемесін елдің оңтүстігіндегі Шэньчжэнь қаласында айтты.
XS
SM
MD
LG