Accessibility links

Карзай қауіпсіздік фирмаларын таратуға нұсқау берді


Ауғанстан президенті Хамид Карзай елдегі барлық жекеменшік қауіпсіздік компанияларын жыл соңына дейін таратуға нұсқау берді.

Карзай кеңсесі таратқан мәлімдемеде, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік басшылығы және барлау қызметтері таратылуы тиіс жекеменшік қауіпсіздік компанияларының тізімін дайындап жатыр делінген.

Бұл жерде тіркелмеген фирмалар бірінші болып таратылады. Ауғанстанда АҚШ, НАТО, БҰҰ-ның миссиясы мен үкіметтік емес ұйымдар ашып отырған мыңдаған қауіпсіздік фирмалары бар.
XS
SM
MD
LG