Accessibility links

Қытай экономикалық қылмыстар үшін өлім жазасын алып тастамақшы


Басқа елдерге қарағанда жылына көбірек адамды экономикалық қылмыстар үшін өлім жазасына кесетін Қытай бұл жазаны алып тастауды қарастырып жатыр.

Синьхуа агенттігі хабарлағандай, елдің Қылмыстық кодексіне өзгертулер енгізіліп, өлім жазасымен жазалайтын 68 қылмыстың экономикаға қатысты 13 жазасын алып тастау ұсынылған. Хабарларға қарағанда, заң жобасы бірінші оқылымда қаралған. Оған қашан дауыс беретіні әзірге белгісіз.

Өлім жазасына қатысты ақпараттарын Қытай құпия ұстап келеді. Бірақ Amnesty International бұл елде жылына мыңдаған адам бұл үкіммен жазаланады дейді.
XS
SM
MD
LG