Accessibility links

Тәжікстан түрмесінен 25 тұтқын қашып кеткен


Тәжікстан билігінің хабарлауынша, ұзақ мерзімдегі жазасын өтеп жатқан 25 исламшыл жауынгер 5 түрме сақшысын өлтіріп, түрмеден қашып кеткен. Олар дүйсенбіге қараған түні Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің Душанбедегі қамау мекемесінен қашқан.

Ресмилердің айтуынша, ол қашқындар арасында өткен аптада жабық сотта төңкеріс жасамақшы болды деп 30 жылға сотталғандар да бар. Түрмеден қашқандардың біразы орыс және ауған ұлтынан екенін айтылып отыр.

Қашқандардың бәрі өткен жазда Тәжікстанның шығысында ұсталған қарулы топтың мүшелері деп хабарланды.
XS
SM
MD
LG