Accessibility links

Пәкістан: Синд өлкесінің 300 мың тұрғыны көшіріледі


Бүгін Пәкістанның оңтүстігіндегі Синд өлкесінің Тхатта қаласына су тасқыны қатерінің төнуі салдарынан оның 300 мың тұрғынын көшіру басталды.

Инд өзенінің суы тасып, Тхатта қаласын қорғап тұрған тоғанды бұзып өтті. Жергілікті биліктің хабарлауынша, қала тұрғындарының 70 пайызы баспаналарын тастап кетті.

Өткен бейсенбі күні осы өлкедегі 3 қаланың 400 мың тұрғыны көшірілген болатын.

Ұзаққа созылған жойқын су тасқыны салдарынан Пәкістанда 600 адам қаза болып, миллиондаған халық аш-жалаңаш қалды, эпидемияның пайда болу қатері ұлғая түсті. Жалпы табиғи апаттың салдарынан Пәкістанның 17 миллионнан астам тұрғыны, оның ішінде Синд өлкесінің 4 миллион халқы зардап көріп отыр.
XS
SM
MD
LG