Accessibility links

Германияда 44 бала зардап шекті


Германияда балалар лагерінде ұйымдастырылған балалар мерекесі кезінде 44 бала зардап шекті.

Біздің жергілікті тілшіміз хабарлағандай,бейсенбі күні кешке Төменгі Саксониядағы балалар лагерінде қолдарына шырақ ұстап, атқа мінген балалардың шеруі болған. Балалардың бірі байқамай қолындағы шырағын жерге түсіріп алған кезде аттар дүркіреп қашып, құлап түскен балаларды таптап өткен.

Полицияның хабарлауынша, шеруге 8 бен 17-ге дейінгі балалар қатысқан.

Оқиға болған жерге жеткен құтқарушылар мен дәрігерлер түні бойы көз жұмбай жұмыс істеген. 15 бала ауыр жарақаттарымен ауруханаларға жөнелтілген.

Дәрігерлер Дюссельдорфтан келген 14 жастар қыз баланың өмірі үшін арпаласып жатыр. Ол хал үстінде жатыр.
XS
SM
MD
LG