Accessibility links

В.Путин Д.Медведевтің пікірін теріске шығарды


Ресей премьер-министрі Владимир Путин Мәскеу мен С.-Петербор арасына жаңа автожол тарту қажет деп мәлімдеді.

Мәскеу түбіндегі Химки орманы арқылы автомагистраль тарту жұмысын тоқтату туралы президент Дмитрий Медведевтің берген тапсырмасына байланысты Хабаровскіде журналистердің сауалына В.Путин Химки орманы мәселесін Медведевпен одан бұрын талқылағанын хабарлады.

В.Путин - Химки орманы үстінен автомагистраль тарту жұмысын тоқтату туралы өткен бейсенбі күні президент Медведевке өтініш берген «Единая Россия» партиясының көсемі болып табылады.

Өтініш беруге дейін Химки орманын қорғайтын экологиялық және қоғамдық ұйымдардың ауқымды наразылық науқаны болып өтті. Олардың пікірінше, Мәскеу-С.-Петербор автомагистралін өзге бағытпен тартуға болады.
XS
SM
MD
LG