Accessibility links

Пешеварда содырлар екі адамды кепілге алды


Пәкістан полициясының хабарлауынша, Пешевардағы үкіметтік ғимараттарды басып алған жаугерлік топ екі адамды кепілге алған. Әскери мекеменің өкілі Атхар Аббас журналистерге бұл мәселені шешуге күш салып жатқандарын айтты.

Оның сөзіне қарағанда, исламшыл екі тұтқын әскери мекемедегі екі сақшыны басып алып, кепілге алып қашып кетпекші болған.

Полиция осының алдында бірнеше бүлікші Пешевар қаласындағы күзетілген аймаққа шабуылдамақшы болғанда қауіпсіздік күштерімен атыс болды деп хабарлаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG