АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Қазақстан халқын ел Конституциясының қабылданғанына 15 жыл толуымен құттықтады деп Итар-ТАСС агенттігі хабарлады.
Онда Клинтон ханым “біздің елдеріміздің өзара сыйласымдық пен ортақ мүддесі сенімді әріптестік негізі болып, қауіпсіздік пен халқымыздың тұрмысын жақсартып отыр” деген.
АҚШ Қазақстан Конституциясы мен оның зайырлы, демократиялық қоғамда өмір сүру мен еркін болу, әділ сайлаулар өткізу сияқты негізгі принциптерін құрмет тұтады. Осы қағидалар Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалықты алуына көмектесті делінген АҚШ мемлекеттік хатшысының мәлімдемесінде.