Accessibility links

Ресейдің зейнеткерлер үйіндегі өрттен 9 адам қаза болды


Ресейдің ресми өкілдерінің хабарына қарағанда, елдің батысындағы қариялар үйінде өрт шығып, 9 адам қаза тапты. Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері Тверь облысындағы өртті тұрғындардың бірі қойған деді.

Министрліктің аймақтағы өкілі істі тергеу барысында өрт болған жерден өрт шығару қаупі бар темір қалбырлар табылғанын айтты. Жалын шарпыған екі адам ауруханаға түсіп, ғимараттан 480 адам аман шығарылды.
XS
SM
MD
LG