Accessibility links

АҚШ пен Израиль раввиннің сөзін сынады


АҚШ пен Израиль үкіметі израилдік раввиннің Палестина жетекшісі Махмуд Аббас жер бетінен жоғалып кетеді деп үміттенетінін айтып, палестиналықтарды Израилдің жеккөретін жауы деп атағанын қабылдамады.

Израилдің діни жетекшісі бұл сөзін сенбі күнгі уағызында айтқан. Ол бұл пікірін екі ел жетекшілерінің Вашингтондағы келіссөздеріне бірер күн қалғанда айтып отыр.

Нетаньяху үкіметінің таратқан мәлімдемесінде, раввин Овадиа Иозефтің бұл ұстанымы Израиль үкіметінің көзқарасына әсер ете алмайды деді.

АҚШ мемлекеттік департаменті Ирақта туып-өскен раввин өте ауыр тиетін сөз айтты және израилдіктер мен палестиналықтар арасындағы бейбіт жағдайға кері салдарын тигізетін араздық тудырды деп айыптады.

Раввин Израилдің жетекші коалициясының діни Шас партиясындағы рухани жетекші болып табылады.
XS
SM
MD
LG