Accessibility links

Кабулда болған АҚШ конгресмені Карзайды сынады


АҚШ Конгресіндегі Демократиялық партияның өкілі Рик Ларсен Ауғанстаннан орала сала, президент Хамид Карзайды коррупциямен қажетті деңгейде күреспей отыр деп сынға алды.

Оның айтуынша, АҚШ Ауғанстаннан келесі шілде айында әскерін шығармақшы болып отырғанда, Карзай елді әл-Қаида мен талибандар мекеніне айналдырмау үшін көп жұмыс жасауы керек.

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасындағы әскери қызмет комитетінің мүшесі Ларсен - өткен аптада Кабулда Карзаймен кездескен 4 конгресменнің бірі.

Ол дүйсенбі күні Associated Press агенттігіне өзінің Карзаймен кездесуінде елде прогрестер болмай жатқанына көңілі толмағанын айта келе, Карзайдың елдегі проблемаларға өзін емес, басқаларды кінәлай бергені мезі қылды деп айтты.
XS
SM
MD
LG