Бүгін Ирақ премьер-министрі Нури әл-Мәлики АҚШ-тың әскери операцияларының аяқталуымен Ирақ тәуелсіздікке қол жеткізіп отыр деп айтты. Ол теледидар арқылы айтқан жолдауында Ирақтық күштер елдің қауіпсіздігіне толық жауапкершілік алуға мүмкіндігі бар деді.
АҚШ Саддам Хуссейн режимін құлату үшін Ираққа бастаған әскери операцияларын 7,5 жылдан кейін тамыздың 31-і күні ресми түрде аяқтады деп хабарланды.
Президент Барак Обама сейсенбі күні кешкісін Ақ үйде Ирақтағы операциялардың тоқтайтынына, осы елдегі Американың алдағы рөлі мен Ауғанстандағы талибандармен күреске байланысты жолдау жасайды.