Accessibility links

АҚШ ауған мектептеріне қарсы шабуылдарға алаңдаушылық танытты


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Құрама Штаттар Кабулдағы ауғандық балалар мектебінде жақында болған жаппай улану жағдайына алаңдап отырғанын айтып, мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, ауғандық мектептерге қарсы шабуылдар әлі тексеріліп жатыр. Бүлікшілер мектеп мұғалімдерін, оқушыларды әсіресе қыз балаларды жиі нысанаға алып келеді.

Клинтон халықаралық қауымдастықты қыз балалардың білім алуына қарсы қақтығыс-қудалаулармен күресіп жатқан Ауғанстан үкіметіне қолдау танытуға шақырып отыр.
XS
SM
MD
LG