Accessibility links

Мұрат Мұсабековқа қатысты қылмыстық іс қозғалды


Мемлекеттік құпияны заңсыз жолмен алғаны және таратқаны, қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін Бас прокуратураның жедел іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаменті бастығы Мұрат Мұсабековке қарсы қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады осы қадағалаушы органның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков.

«Оған байланысты қызметтік тексеру жасалып, қызметтік құпияны жария еткені анықталды. Мұсабеков лауазымынан айрылды», - деп мәлімдеді Бас прокуратура өкілі.

Мұсабековке байланысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 172 және 308 баптары бойынша қозғалған.
XS
SM
MD
LG