Accessibility links

«Еуроспорт» Қазақстан спортшылары туралы бағдарлама түсірмек


«Еуроспорт» телеарнасы Қазақстанның табысты жас спортшылары туралы «Жас үміт» тележобасын дайындауда. Бұл туралы бүгін, қыркүйектің 3-і күні Астанада, телеарнаның Шығыс Еуропа және Орталық Азия аумағы бойынша коммерциялық директоры Саша Лайер мәлім етті.

Лайердің сөзінше, басты мақсат - Қазақстанның спорттық әлеуетін көрсету, сонымен қатар циклды бағдарламалар арқылы осы елдің мәдениеті мен құндылықтары жөнінде мағлұмат беру. Телебағдарламаларда Евгений Королев, Андрей Голубев, Сергей Каримов, Роман Киреев, Евгений Непомнящий және тағыда басқа жас спортшылар өмірі туралы сөз болады.

Түсірілім және айналымға шығаруға арналған шығынды толықтай «Еуроспорт» арнасы өз мойнына алып отыр.Еуропалық ірі телевизиялық холдинг болып табылатын – Еуроспорт телеарнасы әлемнің 59 еліне 20 тілде хабар таратады.
XS
SM
MD
LG