Accessibility links

Тәжікстандағы қастандықты ӨИҚ іске асыруы мүмкін


Тәжікстанның Худжант қаласындағы жарылысты «Әл-Қаида» ұйымының одақтасы саналатын Өзбекстанның ислам қозғалысы ұйымдастыруы мүмкін.

Тәжікстанның Ішкі істер министрлігі хабарлағандай, жұма күні таңертең жанпидашыл қаскүнем өзінің жеңіл автокөлігімен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестің аймақтық басқармасының кеңсесін соғып жарылды.

Қастандық жарылыстан түрлі мәлімет бойынша кем дегенде 25 адам жараланды.

Ішкі істер министрлігі 15-тен астам кісі қаза тапты деген жергілікті баспасөздің ақпарын теріске шығарды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG