Accessibility links

Израиль оңтүстік Газаға әуе соққысын берді


Израилдің соғыс ұшақтары Мысырмен шекаралас Газаның оңтүстігіне әуе соққысын жасап, екі адам жараланды.

Сенбі күні Хамаспен одақтас жауынгерлер өздерінің Израилге қолдан жасалған зымыран атқандарын айтқан. Ол шабуылдан ешкім зардап шекпеді.

Бұл қақтығыстар Палестина президенті Махмуд Аббас пен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаняху бейсенбі күні бейбіт келіссөздерді бастау үшін Вашингтонда кездескен соң болып отыр.
XS
SM
MD
LG