Accessibility links

ЕО қаржы-экономикалық дағдарыстан шыға бастады


Сейсенбі күні Еуропа Комиссиясының төрағасы Жозе Мануэль Баррозу Еуропаның экономикалық сауығуының қарқыны өсіп келеді, ал жыл қорытындысының көрсеткіштері жорамалдан артық болып шығады деп мәлімдеді.

Страсбургте Еуропа парламентінде сөйлеген сөзінде Баррозу, сонымен бірге, Еуропа экономикасының теріс сәттеріне тоқталып, Еуропа Одағындағы жұмыссыздықтың әлі де жоғары деңгейде қалғанын атап өтті.

ЕуроКомиссияның төрағасы ЕуроОдақтың барлық 27 мүшесін демеу үшін алдағы 12 айдың ішінде құрылымдық реформаларды жүзеге асыру керек деп есептейді.

Биыл ЕуроОдаққа мүше елдер мен еуро аумағына кіретін елдер айтарлықтай қарыз дағдарысын бастан кешті.

Соңғы ресми жорамалға сәйкес, 2010 жылы ЕуроОдақ елдерінің экономикасы 1 пайызға, ал еуро аумағына кіретін елдердің экономикасы 0,9 пайызға өсуге тиіс.
XS
SM
MD
LG