Accessibility links

Әкімшілік жазамен абақтыға жабылған Вадим Курамшин босатылды


Құқық қорғаушы Вадим Курамшин өзінің сейсенбі күні Көкшетау қаласының абақтысынан босап шыққандығы жайлы Азаттық радиосына телефон арқылы хабарлады.

Тамыздың 29-ы, жексенбі күні Ақмола облысының әкімшілік соты Вадим Курамшинге ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағып, он тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Соңғы кездері жиілеп кеткен түрмедегі бүліктер кезінде ерекше көзге түскен құқық қорғаушыға қатысты Денис Сицко есімді әлдебір азаматты тілдеп, ар-намысына тиді деген кінә артылған еді.

Құқық қорғаушы Вадим Курамшин осыған дейін екі мәрте сотталды. Оның біреуін саяси себептер бойынша жауапқа тартылды деп есептеуге болады. Вадим Курамшин соңғы бірнеше айда Қазақстандағы түрмелердің жағдайын жалпыға жеткізем деп жүріп, өз бостандығы мен өміріне де қауіп төніп тұрғанын бірнеше мәрте хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG