Accessibility links

БҰҰ Конгода 500-ден аса зорлық жасалғанын айтты


БҰҰ-ның ресми өкілдері Конго демократиялық республикасының шығысында шілде-тамыз айларында 500-ден аса зорлық жасалғанын хабарлап отыр. Сейсенбі күні жарияланған бұл көрсеткіш өткен жылғы аймақта тіркелген зорлық-зомбылықтан екі есеге ұлғайған.

Ұйымның бейбітшілікті сақтау жөніндегі өкілі Атул Харе бұл туралы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде айтып, ұйым өкілдері солтүстік және оңтүстік Киву провинцияларындағы жаппай адам зорлау оқиғаларына жол бермеуде жартылай болса да жауапкершілік алады деді. Оның айтуынша, БҰҰ-ның бітімгершілік күштері әйелдер мен балаларға қарсы зорлықтың алдын ала алмады.

БҰҰ-ның ресми өкілі шабуылдар үшін айыпталған Руанда мен конголық көтерілісшілерді тергеуге алуға шақырды. Орталық африкан еліндегі бәсекелес топтар алтын мен минералды ресурстар үшін күресіп келеді.
XS
SM
MD
LG