Accessibility links

Павлодар облысында өрттен қаза болғандар саны өсті


Павлодар облысында орман өртінде қаза болғандардың саны алты адамға жетті, деп хабарлайды "Новости-Казахстан" агенттігі, елдің ауылшаруашылығы министрлігінің өкілі Талғат Махановқа сілтеме жасап.

Бұдан бұрын аймақтағы орман өртінен бес адам қаза болғандығы жайлы хабарланған болатын. Талғат Махановтың сөзінше, көз жұмғандардың арасында "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының Бесқарағай бөлімшесінің үш қызметкері бар.
XS
SM
MD
LG