Accessibility links

Ауғанстанда АҚШ шіркеуінің Құран өртеу жоспарына наразылықтар болды


Ауғанстан солтүстігінде америкалық шіркеудің Құран көшірмелерін өртеу жоспарына наразылық танытқан халық НАТО базасына тас лақтырды.

Жергілікті ресми өкілдер мен полицияның хабарына қарағанда, Бадахшан провинциясындағы Файзабад көшелерін қарсылық шарасына қатысқан бірнеше мың адам басып қалды. Шерушілер көшеге айт намазынан кейін шықты.

АҚШ-тың Флорида штатындағы кішігірім шіркеу басшылығының Құран көшірмелерін өртеу жоспары әлемде қарсылықтарға тап болып отыр. Бірақ шіркеу жетекшісі бұл жоспарларын кейінге қалдырғанымен, оны орындайтынын айтады.
XS
SM
MD
LG