Accessibility links

Кремль Солтүстік Кавказдағы бандыларды құртуға сөз берді


Бүгін Ресей президенті Дмитрий Медведев Солтүстік Кавказдағы бандылар жойылуы керек деді. Ресей басшысы бұл пікірін жұма күні Ярославлде саяси сарапшылармен кездескен соң айтты.

Медведевтің мәлімдемесі бейсенбі күні Владикавказдағы базарда 17 адамның өмірін қиып, 100 шақты кісі жараланған жанкештінің шабуылынан кейін айтылып отыр.

Ресей федералды қызметінің басшысы Александр Бортников бейсенбі күні жарылысқа қатысы бар деген күдікпен 3 адамның қамауға алынғанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG