Accessibility links

Саят Боқанов - жеңімпаз


Қазақстандық спортшы Саят Боқанов Эдинбургте өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында алғаш рет алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстанның альпинизм мен жартасқа өрмелеу федерациясының хабарлауынша, бұл додада қазақстандық құрама жақсы өнер көрсеткен. Алтын медаль алған Боқановтан өзге, Әмір Маймұратов 4-орынға, Игорь Рябов 5-орынға, Елена Груняшина мен Юлия Попова 6-орынға табан тіреді.
XS
SM
MD
LG