Accessibility links

МАГАТЭ Иранның шешіміне өкініш білдірді


Атом қуаты бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің бас директоры Юкия Амано Иранның халықаралық инспекторларды өзінің ядролық нысандарына жібермеу туралы шешім қабылдауына өкінішпен қарайтынын мәлімдеді.

Дүйсенбі күні Венада агенттіктің басқарма кеңесінің кезекті сессиясын ашу кезінде Амано мәлімдегендей, Теһранның маусым айындағы шешімі, оның бұрынғы басқа да іс-әрекеті сияқты, халықаралық инспекторлардың жұмысын қиындатады.

Жойқын қару жасап алғысы келеді деп Батыс елдерінің күдігін туғызып отырған Иран МАГАТЭ инспекторларын өзінің ядролық бағдарламасы жөнінде шынайы мәлімет бермеді деп айыптады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG