Сейсенбі күні Теһрандағы түрмеден Сара Шурд деген АҚШ азаматшасы бостандыққа шығарылды. Ол өткен жылы Американың өзге азаматтарымен бірге Иран - Ирақ шекарасында ұсталған болатын.
Бұл турасында куәгерлерге сілтеме жасап NBC телекомпаниясы хабарлады. Иран үкіметі Сара Шурдты кепіл ақшаға босату ниетін осыдан бірнеше күн бұрын хабарлаған болатын. Бірақ қай күні босататынын хабарламады.
АҚШ-тың 3 азаматына, оның ішінде Сара да бар, «Иран жеріне заңсыз өтті» деген, одан кейін «тыңшылық жасады» деген айып тағылды. Олардың өздері болса Ирақтың солтүстігін аралап жүріп Иран жеріне адасып өткендерін мәлімдеді.
АҚШ Иранды бірнеше мәрте өз азаматтарын босатуға шақырды.