Accessibility links

Пәкістан: зымыран соққысынан кемінде 11 адам қаза тапты


Пәкістанның Ауғанстанмен шекаралас тайпалар бақылауындағы аймағында АҚШ-тың алыстан басқарылатын зымыран соққысынан кемінде 11 адам қаза тапты.

Бұл туралы қауіпсіздік күштері хабарлап отыр. Америкалықтар тәліптер мен әл-Қаида жауынгерлерінің бекінісі болуы мүмкін Солтүстік Вазиристандағы екі құрылымды көздеп атқан.

Ауғанстандағы шетелдік күштерге қарсы шабуыл жасап келген Хаккани тобының нысанаға алынғаны хабарланып отыр.

Бұл әуе соққысы соңғы 24 сағаттың ішіндегі үшінші зымыран шабуылы болды. Сейсенбі күні екі бірдей әуе шабуылынан кемінде 15 бүлікші өлтірілген.
XS
SM
MD
LG