Accessibility links

Қуғындағы шешендер Шешенстандағы қылмыстарды тергеуге шақырды


Қуғында жүрген шешен белсенділері БҰҰ-ны халықаралық трибунал құрып, Шешенстанда жасалған қылмыстарды тергеуге шақырып отыр. Мұндай үндеу Польшада кездескен Дүниежүзі шешендерінің конгресінде айтылды.

Қуғында жүрген 250 шешен белсендісі қабылдаған қарар польшалық басылымдарда жарияланып, онда Шешенстандағы жаппай кісі өлтіру, тобымен жерленген мүрделер мен адамдардың із-түзсіз жоғалу фактілері бойынша халықаралық тергеу жүргізуге шақырды.

Ресей жікшіл шешендердің мұндай жиын өткізуіне қатты қарсылық танытып, олардың жетекшілері Ахмед Закаевты экстрадициялауды көздеген еді. Польша полициясы оны ұстағанымен, кейін сот шешімімен босатып жіберді. Өйткені Закаев 2003 Ұлыбританиядан саяси баспана алған.
XS
SM
MD
LG