Accessibility links

Венада МАГАТЭ конференциясы ашылады


Бүгін Венада Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттіктің бас конференциясы басталады.

Апта соңына дейін 151 мемлекет өкілдері Иранның ядролық бағдарламасынан өзге, Ядролық қаруды таратпау келісіміне Израильдің көзқарасын талқылайтын болады. Сонымен бірге, араб мемлекеттерінің ұсынысымен, Изарильді өзінде бар ядролық қарудан бас тартуға шақыратын резолюция талқыланады.

Америка бұл резолюция Таяу Шығыстағы бейбіт жағдайға зиянын тигізеді деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG